Жапония жасанды интеллект моделін жасап шығару үшін 19 миллиард доллар бөледі. Бұл туралы премьер-министр Санаэ Такаичи хабарлады.
Жоба аясында деректер орталықтарын салу мәселесі де қарастырылып жатыр. Оған оннан астам жапондық компания қатысады. Мемлекет жалпы шығынның шамамен үштен бір бөлігін қаржыландырады, қалғанын жеке корпорациялар көтереді. Билік елді жасанды интеллектінің даму ошағына айналдыруды көздеп отыр. Ұлттық модельді әзірлеу жұмыстары келер жылы басталады деп жоспарланған.
Тегтер #Жапония #ЖИ #премьер министрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz