RU
Толық нұсқаға өту

Қытай сүт өнімдеріне баж салығын енгізеді

23.12.2025, 08:17 307

Қытай Еуропалық Одақтан импортталатын бірқатар сүт өнімдеріне кедендік баж салығын енгізеді.

Тариф мөлшері өнім түріне қарай 21,9%-дан 42,7%-ға дейін өседі. Баж салығы сүт, ірімшік және тағы бірнеше тауарға қолданылады. Қытайдың Сауда министрлігі бұл шешім субсидияға қарсы тергеудің алғашқы кезеңі аяқталғаннан кейін қабылданғанын мәлімдеді. Сарапшылар бұл ЕуроОдақтың қытайлық электромобильдерге енгізген баж салығына жауап дейді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz