Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері» деп сипаттады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің телеграмдағы парақшасында хабарлады. АҚШ-тағы елші Мағжан Ілиясов Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсырғаннан кейін, тараптар қазіргі байланысты бекемдеу жайын сөз етті. Құрама штаттар басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден алған әсерін бөлісті. Бұдан кейін, қазақ басшысына жылы лебізін жолдап, сый-сыяпатын табыстады. Оның ішінде Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Трамп #АҚШ #Қазақстан #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz