RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Калифорнияда толассыз жаңбыр үш адамның өмірін қиды

26.12.2025, 20:48 203

Оңтүстік Калифорнияда жауын-шашынның күрт күшеюі кенет су тасқынына әкелді. Салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты.

Бірнеше адам із-түссіз жоғалып кеткен. Елде төтенше жағдай енгізілді. 100 мыңға жуық адам электр жарығынсыз отыр. Билік өкілдері тұрғындарды қауіпті аумақтардан шұғыл эвакуациялап жатыр. Синоптиктер Калифорнияға жақын маңдағы көрші штаттарды да су басу қаупі төніп тұрғанын ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz