RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда тұңғыш цифрлық хаб құрылады

27.12.2025, 21:35 235

Түркияда алғаш рет Еуропа мен Азияны жалғайтын «ауқымды бұлтты есептеу аймағы» құрылады.

Маңызды цифрлық жобаны жүзеге асыру үшін арнайы стратегиялық меморандумға қол қойылды. Бұл туралы осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді. Оның айтуынша, бастама Түркияны Еуропа, Азия және Таяу Шығысты байланыстыратын цифрлық көпірге айналдырады. Жобаны түріктің Turkcell және Google Cloud компаниялары бірлесіп жүзеге асырады. Цифрлық инфрақұрылымды 2029 жылға дейін пайдалануға берілмек. Сарапшылардың айтуынша, бұл бастама аймақ елдері арасындағы деректер алмасуды жеделдетіп, халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндіктер ашады.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- Біз көптеген салада мақсаттарымызға сенімді түрде қадам басып келеміз. Әлемдегі ең озық елдердің қатарына қосылатын деңгейге көтеріліп жатырмыз. Бұл жоба келешекте елімізді өңірлік деректерді өңдеу орталығы ретінде қалыптастырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz