RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та сегіз мыңнан аса әуе рейсі кешіктірілді

28.12.2025, 09:09 363

Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды. АҚШ-тың солтүстік-шығысында жауған ақ ұлпа тұрғындардың жаңа жыл қарсаңындағы жоспарларына кедергі келтірді.

FlightAware порталының мәліметіне қарағанда сегіз мыңнан астам әуе рейсі кешіктіріліп, бір жарым мыңға жуығы тоқтатылды. Нью-Йоркте жұмадан бері жауған қардың биіктігі 10 сантиметрден асқан. Кэтскилл тауларында ақ ұлпа биіктігі 25 сантиметрге дейін жетті. Көшелерді қардан тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Нью-Йорк штаты мен іргелес жатқан Нью-Джерсиде төтенше жағдай жарияланған еді. Жергілікті билік тұрғындарға жолға шықпау керектігін ескертіп, сапарларын кейінге шегеруді сұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz