Қытайда жұмыссыздық деңгейі төмендемей тұр. Бұл әсіресе жастар арасында үлкен мәселеге айналды.
Елдің Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қазір жастардың 17 пайызы жұмыссыз жүр. Оған әсер еткен фактор көп. Өндіріс орындары мен мекемелер цифрландырылып кейбір мамандықтар қажетсіз боп қалды. Оның үстіне ауыл- аймақтардан жұмыс іздеп қалаға көшетіндер көбейген. Биыл 10 млн-нан астам адам қоныс аударды. Бұл да бәсекелестікті арттырып отыр. Жұмыс таппай жүргендердің дені 16 мен 24 жас аралығындағы жастар.
Вэнь Сяои, Қытай Еңбек қатынастары институтының вице-президенті:
- Жұмысшыларды заман талабына сай біліктілігін арттырып, қайта оқыту керек. Қытай үкіметі бұл мәселеге 2026 жылы күш салады. Бірқатар кешенді жобалар қарастырылып отыр. Жұмыс орындарын көбейтіп қызметкерлерді оқыту мақсатында кәсіпорындарға субсидия беріледі. Еңбек мигранттары елдің шығысы мен батыс бөлігінде бақылауға алынады. Осы арқылы жұмыс күшін дұрыс үйлестіру көзделіп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #жұмыссыздықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz