Финляндияда 160 мың үй жарықсыз қалды. Бұған елдің батысында соққан «Ханнес» дауылы себеп болған.
Мамандардың бағалауынша, бұл аймақтағы кейінгі он жыл ішінде орын алған ең ірі электр ақауы. Дауылдан ең көп зардап шеккен - Лапландия, онда желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін үдеген. Қазір құтқарушылар мен еріктілер жолдарды құлаған ағаштардан тазалап, зақымданған үйлердің шатырларын реттеп жатыр. Қоғамдық көлік тоқтап тұр, әуе рейстерінің де басым бөлігі кейінге қалды. Жергілікті әкімшілік қалпына келтіру жұмыстары бір аптаға созылуы мүмкін дейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Финляндия #дауылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz