Мексиканың Оахака штатында жолаушы пойызы рельстен шығып, салдарынан 13 адам опат болды, 98 жолаушы жараланды. Қазір бесеуінің жағдайы ауыр.
Бұл туралы ел президенті X әлеуметтік желісінде хабарлады. Апат кезінде пойызда 241 жолаушы мен тоғыз қызметкер болған. Елдің әскери-теңіз күштері қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.
Тегтер #Мексика #пойыз #рельсPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz