Кейінгі үш жыл - Жер бетіндегі ең ыстық кезең болып тіркелді.
Бұл туралы Еуропаның Сopernicus климат қызметі хабарлады. Орташа жаһандық температура 2024 жылы алғаш рет индустрияландыру кезеңіне дейінгі деңгейден 1,5 градусқа жоғарылаған. Биыл да сол межеге таяп қалды. Сарапшылар ғаламдық жылынуды мұнай, көмір мен газдың жаппай жағылуымен байланыстырады. Салдарынан биыл әлемде 160-қа жуық экстремалды табиғи құбылыс тіркелді. Олардың қатарында АҚШ, Грекия және Түркиядағы ірі орман өрттері мен Мексика, Үндістан және Филиппиндегі су тасқындары бар. Мамандар күн райын алдын-ала болжау қиындап барады - дейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ыстық күндер #рекордPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz