Таиланд Қазақстанның цифрлық технологиялар саласында жеткен жетістіктеріне қызығушылық танытып отыр.
Тіпті келесі жылы арнайы делегация келіп, тың технологияны үйренуге ниетті. Бұл туралы тілшімізге берген арнайы сұхбатында Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пияпин Нийомреркс мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы цифрландыру деңгейі ең жоғары ел. Сондықтан мұндағы озық тәжірибелерді Тайландта енгізу жоспарланған.
Пияпин Нийомреркс, Таиланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі:
- Біз елімізге Қазақстандағы Электронды Үкімет пен жасанды интелектің қалай жұмыс істейтіні туралы қызыға айтамыз. Қазір елшілік арқылы Тайландағы цифрлық технологиялар саласына маманданған компанияларды осында шақыру бойынша келісімдер жүріп жатыр. Келесі жылы арнайы делегация келіп, Қазақстанның осы саладағы үздік компанияларымен тәжірибе алмасады деп үміттенемін.
Сонымен қатар Тай елі Қазақстанмен туризм саласында да ынтымақтастық орнатуға ниетті. Биыл 200 мыңнан астам отандасымыз Тайландта демалса, ол жақтан елімізге 10 мың шамасында қонақ келген. Тайландтық туристердің артуына желтоқсанның басында Thai AirAsia X компаниясының Алматы – Бангкок бағытындағы жаңа рейсінің ашылуы ықпал етуге тиіс – дейді Елші.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таиланд #цифрлық технологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz