Араб елдерінің еңбек нарығында әйелдердің үлесі артып келеді. Кейінгі 5 жылда олардың қатары 3,1 миллионға жетті.
Солардың жартысына жуығы лауазымды қызмет атқарады. Бұл деректі ресми органдар растап отыр. Сарапшылардың айтуынша, оң бағыттағы өзгеріске экономикалық реформалар мен инклюзивті даму стратегиялары әсер еткен. Айталық Сауд Арабиясы кейінгі жылдары әйелдер құқығын қорғау ісін жетілдіріп, біршама қатаң талаптардың күшін жойды. Әйелдерге көлік тізгіндеу ғана емес, корпорация не компания басқаруға жол ашылды. Бұған дейін жағдай басқаша еді. Десе де салада мәселе жоқ емес. Соның бірі – жалақы теңсіздігі. Мұнда әйелдерге қарағанда ерлердің табысы жоғары.
Тегтер #Араб елдері #еңбек нарығы #әйелдерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz