RU
Толық нұсқаға өту

Үндістан Жапонияны басып озды

01.01.2026, 22:00 360

Үндістан экономикасы дамыған төрт елдің қатарына кірді. Ел үкіметінің баяндамасында осылай делінген. 

Нью-Делидің жалпы ішкі өнімі 4,18 трлн доллар. Бұл Жапония көрсеткішінен асып түседі. 2030 жылға қарай 3-ші орында тұрған Германияны басып озуды жоспарлап отыр. Биыл Үндістанның ресейлік мұнайды сатып алуын сылтау етіп, Вашингтон Нью-Делиге 50 пайыз баж салығын енгізген еді. Алайда жаһандық саудадағы өзгерістер оңтүстік-азиялық мемлекеттің экономикадағы аяқ алысына аса әсер ете қойған жоқ. 2022 жылы Үндістан Ұлыбританияны артта қалдырып, алып 5 экономиканың қатарына кірген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz