Швейцарияда Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы өрт құрбандарын еске алды.
Мыңдаған тұрғын оқиға орнына жиналып, гүл шоқтарын қойды. Кейінгі мәліметтер бойынша, шамамен 40 адам опат болған, күйік шалған 115 адамды ауруханаға жеткізген. Ел президенті Ги Пармелан бұл оқиғаны ел тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі деп атады. Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде демалыс орнынан өрт шығып, жарылыс болды. Әзірге нақты адам шығыны белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Швейцария #жаңа жыл #жарылысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz