Оңтүстік Кореяда аюдың өтін өндіруге тыйым салынды.
Билік мұндай шешімді жануарларды қорғау мақсатында қабылдап отыр. Енді заңды бұзғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінде 200-ге жуық аю әлі де темір торда өсіріліп жатыр. Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі фермерлер жабайы аңдарды сатып жібергенге дейін оларға алты айлық жеңілдік кезеңі мен қаржылай қолдау ұсынылатынын мәлімдеді. Жалпы Оңтүстік Кореяда аюдың өтін дәрілік мақсатта пайдалану үшін аңдарды фермада өсіруге 1980 жылдардың басында рұқсат берілген. Бірақ бұл индустрия әуел бастан қоғамның сынына ұшыраған еді.
Тегтер #корея #аю #тыйым салу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz