Берлинде 45 мың тұрғын жарықсыз қалды.
Бұған жылу беру орталығынан шыққан өрт себеп. Тілсіз жаудан электр желілері зақымданған. 2 мыңнан астам коммерциялық нысанның жұмысы тоқтап тұр. Ауруханаларда генераторлар уақытша іске қосылды. Өрт сөндірілді. Алайда жөндеу жұмыстары 8 қаңтарға дейін созылуы мүмкін. Берлин полициясы "қасақана өрт қойды" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тегтер #Берлин #Германия #жарықсыз қалды #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz