Әрі кетсе 3-4 жылда Еуропа банк қызметкерлерінің 10 пайызы, яғни 212 мың адам жұмыссыз қалады.
Бұл Америкалық инвестициялық Morgan Stanley банкінің болжамы. Бұған жасанды интеллект пен цифрландырудың кеңінен қолданысқа енуі себеп. Сарапшылар: «нейрожелінің арқасында қаржылық мекемелер жұмысының тиімділігі 30 пайызға артқан», - дейді. Яғни алдағы уақытта банк бөлімшелері жабылып, қызмет көрсету онлайн жүйеге көшіріледі. Бұл тұтынушылар үшін ыңғайлы әрине. Бірақ еуропаның еңбек нарығындағы жағдайды қиындата түседі, - дейді сарапшылар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Еуропа #жұмыссыздық #жасанды интеллект #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz