АҚШ орбитаға Starlink жүйесінің 29 жерсерігін аттандырды. Бұл туралы Space X компаниясы хабарлады.
Жерсерік АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінде орналасқан АҚШ Ғарыш күштерінің базасынан ұшырылды. Миссия аяқталғаннан кейін зымыранның бірінші сатысы Атлант мұхитындағы теңіз платформасына сәтті қонды. Starlink жаһандық интернетпен қамту желісін дамытып келеді. Компания 2019 жылдан бері ғарышқа 11 мың жерсерік ұшырған. Қазір 9500-ге жуығы жұмыс істеп тұр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #SpaceXPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz