Парижде Сирия мен Израиль арасындағы келіссөздер қайта жалғасты. Кездесу АҚШ-тың арағайындығымен ұйымдастырылған.
Бұл кездесу екі айлық үзілістен кейін өтіп жатыр. Сирия делегациясына Сыртқы істер министрі жетекшілік етсе, Израиль тарапынан осы елдің АҚШ-тағы елшісі келген. Тараптар қауіпсіздікке байланысты жаңа келісім жобасын талқылап жатыр. Құжатта Сирияның оңтүстігінде әскер болмайтын қауіпсіз аймақ құру көзделген. Бұған дейін келіссөздер Израильдің арнайы өкілі Рон Дермердің отставкаға кетуіне байланысты уақытша тоқтатылған еді.
Тегтер #Париж #Сирия #Израиль #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz