Өзбекстанда неке жасына толмаған адаммен шаңырақ құрған азаматқа салынатын айыппұл көлемі 41 млн 200 мың сумға дейін артты. Заң бұзушылық қайталанса, ақшадан бөлек 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегіледі.
Аталған норма әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі күшейтуге бағытталып отыр. Әділет министрлігі туған-туыстар арасында некеге тұруға тыйым салу бойынша да заң дайындалып жатқанын айтты. Енді немере ағайындылардың, жиендер мен бөлелердің шаңырақ көтеруіне тосқауыл қойылмақ.
Тегтер #Өзбекстан #неке #айыппұл #Заң мен тәртіп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz