RU
Толық нұсқаға өту

Германия экономикасы құлдырап барады

06.01.2026, 20:20 269

Германия канцлері Фридрих Мерц ел экономикасының бірқатар секторындағы жағдайды аса күрделі деп бағалады.

Ол бұл туралы партия өкілдеріне жолдаған хатында хабарлады. Елдің жалпы ішкі өнімі 2023 және 2024 жылдары төмендеп, 2025 жылы 0,1 пайыз шамасында өсім көрсеткен. Экспортқа басымдық беретін неміс экономикасы қазір күрделі дағдарысты бастан кешіп отыр. Қытай мен АҚШ-та неміс тауарларына сұраныс күрт төмендеген. 2025 жылдың алғашқы үш тоқсанында АҚШ-қа экспорт 7,8 пайызға төмендеп, Қытаймен арадағы сауда дефициті 90 млрд еуроға жеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz