БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқарма басшысы Израильді Иордан өзенінің Батыс жағалауына заңсыз қоныс салуды доғаруға шақырды.
Сондай-ақ палестиналықтарға қарсы әрекетін «апартеидке», яғни нәсілдік кемсітушілікке теңеді. Басқарма басшысы Фолькер Түрік бұл терминді алғаш рет қолданып отыр. Оның айтуына қарағанда, Израиль билігі жергілікті тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруын заңмен және саясатпен шектеген. Яғни олар үшін аурухана мен мектепке бару, тіпті ауыз-суға қол жеткізудің өзі мұңға айналған, - дейді ол. Сондықтан Тель-Авивтен палестиналықтарды нәсіліне қарай кемсітуді тоқтатуды талап етті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БҰҰ #ИзраильPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz