RU
Толық нұсқаға өту

Трамп мұнай бағасын құлдыратуды көздейді

08.01.2026, 17:23 307

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдік мұнай бағасын бір баррель үшін 50 долларға дейін арзандатқысы келетінін мәлімдеді.

 Бұл оның жаңартылған энергетикалық жоспарындағы негізгі бағыттың бірі. ((The Wall Street Journal)) Зэ Уолл Стрит Джорнал газеті келтірген дерек бойынша Ақ үйдің иесі Венесуэланың мемлекеттік мұнай компаниясын бақылауға алуды көздейді. Бұл АҚШ-та жанармай бағасын тұрақтандырып, мұнай экспорттаушы елдерге тәуелділікті азайтады деген болжам бар. Айта кетейік, Венесуэла қазір әлемдегі ең ірі мұнай қорына ие мемлекет. Бұл жоспар әзірге ресми түрде бекітілмеген, бірақ іске асса, жаһандық мұнай бағасына елеулі әсер етпек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz