RU
Толық нұсқаға өту

Ливан «Хезболла» ұйымының әрекетін тоқтатуды жүзеге асыруды бастады

08.01.2026, 23:00 286

Ливан билігі Литани өзенінің оңтүстігіндегі аумақтар мемлекет бақылауына өткенін ресми түрде мәлімдеді.

Енді бұл өңірде қауіпсіздікті тек үкімет күштері қамтамасыз етеді. Бұл Ливанда «Хезболла» ұйымы жасақтарының әрекетін тоқтатуға бағытталған жоспардың алғашқы кезеңі саналады. Мәлімдемені БҰҰ-ның арнайы өкілі қолдады. Алайда Израиль тарапы шешімге күмәнмен қарап отыр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Ливан билігі «Хезболла» содырларын толық қарусыздандыру керек дейді. Ұйым өкілдері болса Израиль әскері ел аумағынан шықпайынша қаруларын тастамайтынын айтады. Ал 2024 жылғы келісім бойынша Израиль күштері Ливан аумағынан қаңтар айында шығу керек болатын.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz