RU
Толық нұсқаға өту

Аргентинада төрт мың гектар орман өртенді

10.01.2026, 19:19 303

Аргентинаның оңтүстігінде ірі орман өрті тіркелді. Үш мыңнан астам тұрғын мен турист қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 

Эколог мамандардың мәліметінше, тілсіз жау 4 мың гектар орманды жоқ қылған. Кей аймақтарда қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.

Құтқару қызметінің жұмысын жел мен құрғақшылық қиындатып тұр. Тергеушілер: «Оқиға қасақана жасалған болуы мүмкін», - дейді. Өрт шыққан жерден жанғыш зат қалдықтары табылды. Жергілікті билік қылмыскер жайлы ілік тапқан адамға 33 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындайтынын хабарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz