Дональд Трамптың Гренландияны АҚШ-қа қосу туралы мәлімдемелерінен кейін Данияда Гренландия туының сатылымы күрт өсті.
Radio4 радиостанциясының хабарлауынша, туға онлайн тапсырыстардың үлесі 90 пайызға дейін жеткен, әдетте ол 5 пайыздан аспайтын еді. Verian компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, Гренландия тұрғындарының 85 пайызы АҚШ құрамына қосылуға қарсы. Ал жауап берушілердің 45 пайызы Дональд Трамптың бұл бастамасын қауіп ретінде бағалайды. Естеріңізде болса, Гренландия - Дания құрамындағы өзін-өзі басқару құқығына ие, дербес ішкі саясаты бар арал.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ГренландияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz