RU
Толық нұсқаға өту

Газадағы әскери операция қайта басталуы мүмкін

11.01.2026, 09:20 451

Израиль Газа секторында екі айдан соң жаңа әскери операция бастауы мүмкін.

Өйткені былтыр қол жеткізілген бейбіт келісімге сәйкес, ХАМАС ұйымы қарусызданудан бас тартып отыр. Бұл туралы Times of Israel баспасы мәлімдеді. Осылайша ЦАХАЛ анклавтағы бақылауды кеңейтпек. Бүгінде ХАМАС қозғалысы тек ауыр қару-жарақты тапсыруға келісті. Ал 60 мыңға жуық атыс қаруын беруден бас тартты. Бұдан өзге ХАМАС қаржылық жағдайын нығайтып, инфрақұрылымды қалпына келтіруде. Израиль тарапы бұл ұйымға жаңа мүшелерді тартуға ықпал етеді деп қауіптенеді. «Алайда әскери операцияны іске асыруы үшін АҚШ-тың мақұлдауы қажет», - дейді израильдік шенеуніктер. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz