Халықаралық сарапшылар тобы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын медицина қызметкерлерін қорғау жөніндегі нұсқаулықты қайта қарауға шақырды.
Олардың айтуынша, хирургиялық маскалар тұмауға ұқсас инфекциялық аурулардан, соның ішінде коронавирустан жеткілікті қорғамайды. Мамандар ұйым басшысы Тедрос Гебрейесусқа масканы респираторға ауыстыруды ұсынды. Себебі ол вирусты маскаға қарағанда екі есе тиімді бөгейді. Бұл жұқтыру қаупін азайтып, кадр тапшылығы мәселесін де жеңілдетуі мүмкін. Ал ұйым бұл ұсынысты қарастырып жатқанын хабарлады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #медицина #ДДСҰ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz