Америкалық мұнай алыбы ExxonMobil компаниясының бас директоры Даррен Вудс Венесуэланы инвестиция үшін қолайсыз нарық деп бағалады.
Оның айтуынша, елдегі саяси тұрақсыздық шетелдік инвесторлар үшін айтарлықтай тәуекел тудырып отыр. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың энергетикалық компаниялар жетекшілерімен өткен кездесуінде жасалды. Вудс Венесуэлаға жасалған инвестицияның қауіпсіздігіне кепіл жоқ екенін айтты. Мұндай жағдайда компаниялар ірі шығынға ұшырауы мүмкін. Ал Дональд Трамп бұл пікірмен келіспей, ExxonMobil компаниясының елдің мұнай нарығына шығуына тосқауыл қоюы мүмкін екенін ескертті. Айта кетейік, өткен аптада Ақ үй басшысы жетекші энергетикалық корпорацияларды Венесуэла экономикасына 100 млрд доллар көлемінде қаржы құюға шақырған еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Венесуэла #мұнайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz