Иран билігі ел аумағында Starlink спутниктік интернеттің жұмысын бұғаттады.
Deutsche Welle басылымының мәліметінше, интернет-трафиктің 80 пайыздан астамы істен шыққан. Аймақта оптикалық ғаламтор желісі шектелген соң, халық спутниктік ғаламторды балама ретінде пайдаланған. Елдің басым бөлігінде 84 сағат бойы ғаламтор жоқ. Ирандағы жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандар саны 500-ден асты. Бұл деректі Human Rights Activists құқық қорғау ұйымы келтірді. Жергілікті билік үш күндік аза тұту жариялады. Айта кетейік, 28 желтоқсанда Иранда ұлттық валютаның күрт құнсыздануына байланысты жаппай толқулар басталды. Саудагерлер бастаған шеруге студенттер қосылып, толқулар ондаған қала мен өңірге тараған. 10 мыңға жуық адам қамауға алынды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #интернет жұмысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz