RU
Толық нұсқаға өту

Аралға талас: Дания билігі мәлімдеме жасады

12.01.2026, 19:50 320

Гренландияға талас қыза түсті. Дания билігі ел үшін шешуші сәт туғанын мәлімдеді. Бұл туралы Корольдіктің премьер-министрі Метте Фредериксен айтты.

Премьердің сөзінше, Дания өз құндылықтарын, соның ішінде Арктикадағы мүдделерін қорғауға дайын. Билік Құрама Штаттар Гренландияны тізеге салып, қарудың күшімен бағындырса, НАТО сол сәтте-ақ күйрейді деп отыр. Сондай-ақ премьер шекараны әскери күш қолдану арқылы өзгерту - халықаралық құқық принциптеріне қайшы деп мәлімдеді. Ал Трамптың айтуына қарағанда, арал АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Өйткені оның айналасында Ресей мен Қытайдың әскери кемелері толып жүр. Ақ үй басшысы Дания билігіне ойлануға 20 күн уақыт берді. Келісімге келмесе, әскери күш қолданудан тайынбайтынын айтты. Ал кейінгі ұшақ бортындағы сұхбатында Трамп Гренландияны АҚШ иеленбесе, аралға Ресей мен Қытай көз тігетінін және бұған жол бермейтінін мәлімдеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz