RU
Толық нұсқаға өту

Қоқыс полигонындағы апат: Филиппинде 8 адам қаза тапты

12.01.2026, 20:00 313

Филиппиннің Себу қаласында қоқыс полигоны опырылып түсіп, 8 адам опат болды.

Тағы 20 адам хабар-ошарсыз кетті. 12 адам ауруханаға жеткізілді. Ресми мәліметке қарағанда, апат кезінде аумақта 110 жұмысшы болған. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған құтқарушылардан бөлек, әскерилер жұмылып, 50 тонналық техника тартылды. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz