RU
Толық нұсқаға өту

Аустралиядағы орман өрті: 350 ғимарат бүлінді

12.01.2026, 21:40 289

Аустралияның Виктория штатында 350-ден астам ғимарат жанып кетті. Қызыл жалын 65 тұрғын үйді шарпыған. Бір адам опат болды.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, өңірде 12 ірі өрт ошағы тіркелді. Тілсіз жау 300 мың гектардан астам орман алқабын жойған. Қазір Аустралияда жаз мезгілінің нағыз қызған шағы. Штатта сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілген. Табиғи апат салдарынан билік, от жағуға тыйым салды. Мамандар өрттің басқа аймақтарға таралу қауіпі жоғары екенін ескертеді.

Аргенитанада орман өрті өршіді

Аргентинаның оңтүстігінде де орман өрті өршіді. Жалын 12 мың гектар жерді шарпыған. Табиғи апатқа қарсы күреске 500-ден астам құтқарушы жұмылды. Бірнеше провинцияда қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, демалыс аймақтары жұмысын тоқтатты. Прокуратураның алдын ала мәліметі бойынша, орманға өрт қасақана қойылған болуы мүмкін. Тергеу барысында өрт ошақтарының бірінен тез тұтанатын заттардың қалдықтары табылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz