RU
Толық нұсқаға өту

Еуроодақ Гренландияға 530 млн еуро бөледі

13.01.2026, 07:38 300

Еуроодақ Гренландияны қаржыландыру көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Алдағы 7 жыл ішінде 530 миллион еуро бөлмек. Төлемдер 2028 жылдан бастап жүзеге асырылады. Бұл туралы Еуропалық комиссия төрағасы мәлімдеді. Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, тиісті шешім аралдың Еуроодақ үшін стратегиялық маңызын көрсетеді. Бұған дейін Одақ көшбасшылары АҚШ президентінің Гренландияға қатысты талаптарын айыптаған болатын. Ал Трамп аралды қорғаныс мақсатында Америка Құрама Штаттарына қосу қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz