АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасына Гренландияны АҚШ-қа қосу туралы заң жобасы ұсынылды.
Бұл бастаманы Флорида штатынан сайланған республикашыл конгрессмен Рэнди Файн көтерген. Құжатта АҚШ президентіне Даниямен келіссөз жүргізіп, Гренландияны Америка құрамына енгізу үшін қажетті қадамдар жасауға рұқсат беру көзделген. Заң жобасы қабылданған жағдайда, Гренландия АҚШ-тың штаты ретінде қарастырылмақ. Саясаткер бұл жобаны Қытай мен Ресейден төнетін қауіп жағдайында Американың Арктикадағы ұлттық мүдделерін қорғау қажеттілігімен түсіндірді.
Тегтер #Гренландия #АҚШ #заң #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz