АҚШ-та 100 мыңнан астам визаның күші жойылды.
Бұл былтырғы көрсеткіш. АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы визадан қағылғандардың саны екі есе аз болған. Қатаң шараға көбіне заң бұзушылықтар себеп. Шетелдіктер шабуыл жасау, мас күйінде көлік жүргізу, ұрлық және наразылық акцияларына қатысу сынды қылмыстар үшін ел аумағында болу мүмкіндігінен айырылды. Арасында іскерлік немесе туристік визасының мерзімі өтіп, ауыстырмағандар да бар. Айта кетейік, депортация - Трамптың миграциялық саясатының бір бөлігі. Кейінгі кезде көші-қон тәртібі едәуір қатаңдап, 12 елдің азаматтары үшін елге кіруге тыйым салынды. Ал Ауғанстан, Гаити, Иран, Йемен сияқты жеті мемлекетке қосымша шектеулер енгізілді.
Тегтер #АҚШ #виза #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz