RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранның сауда серіктестеріне 25% тариф салды

13.01.2026, 14:00 279

АҚШ Иранның барлық сауда серіктестеріне 25% тариф енгізді.

Президент Дональд Трамп Truth Social желісінде осылай деп мәлімдеді. Бұндай шешімге ол Ирандағы экономикалық дағдарысқа наразы болған халықты қолдап, Тегеранға тегеурін таныту мақсатында барған. Яғни 25 пайыздық тариф арқылы Иран мен оның серіктестері арасына іріткі салып, Хаменеи үкіметіне экономикалық қысым жасауды көздеп отыр. Алайда Ақ үй президент бұйрығының мән-жайын, қай елдерге тікелей бағытталып отырғанын ашып айтпады. Ашық деректерге сүйенсек, Иранмен алыс-беріс жасаушылар арасында Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістанның үлесі зор.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz