Құмар ойындар нарығы әлемдік экономиканың өсімінен шамамен үш есе жылдам дамып келеді. International BusinessTimes сарапшыларының бағалауынша, 2025 жылдың соңына қарай айналым көлемі 574 миллиард доллардан асқан.
Оның шамамен 40 пайызы онлайн-казиноларға тиесілі. Мамандар нарықтың кеңеюін технологиялық дамумен, спорттық бәстің заңдастырылуымен, сондай-ақ киберспортқа қызығушылықтың артуымен байланыстырады.
2025 жылы құмар ойындардан ең көп табыс тапқан елдерге АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Аустралия кірді. Бұл салада АҚШ 121 миллиард, Жапония 90 миллиард, Ұлыбритания шамамен 29 миллиард табыс тапқан. Одан кейін Германия мен Аустралия 23 және 16 миллиард долларлық көрсеткішпен бестікті түйіндеді. Сарапшылардың келтірген дерегі бойынша, онлайн бәс тігуде жастардың үлесі басым. Кейінгі уақытта әйелдер арасында да өсім байқалған.
Тегтер #құмар ойындар #нарық #әлемдік экономика #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz