Молдова президенті Майя Санду референдум болса, елінің Румынияға қосылғанын қолдап, дауыс береді. Бұл туралы ол Ұлыбританиядағы The Rest is Politics подкастында айтты.
Президенттің сөзінше, Молдоваға демократиялық әрі тәуелсіз ел болып қалу, сондай-ақ сыртқы қысымға төтеп беру барған сайын қиындап барады. Дегенмен ол халықтың басым бөлігі бұл ойды құптамайтынын жасырмады. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, ел халқының үштен бір бөлігі ғана, екі мемлекеттің бірігу идеясын қолдайды. Тұрғындардың көпшілігі Молдованың Еуропалық одаққа қосылғанын қалайды.
Тегтер #Молдова #Румыния #референдумPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz