RU
Толық нұсқаға өту

Қытай Венесуэла мұнайына жете алмай отыр

13.01.2026, 20:47 255

Венесуэлаға бет алған Қытайдың екі ірі мұнай танкері кері қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Басылым бұл жағдайды АҚШ-тың жаңа санкцияларымен байланыстырады. Қазір Венесуэла мемлекеттік мұНай компаниясы мен негізгі сатып алушы арасындағы қара алтын тасымалы шектеліп тұр. Таяуда АҚШ бақылауымен Венесуэла қоймаларындағы 50 млн баррель мұнайды әкету туралы келісім жарияланды. Салдарынан Қытайдың мұнай өңдеу зауыттары бір айдан астам уақыт бойы шикізатқа жете алмай отыр. АҚШ Венесуэла мұНай экспортын өз бақылауына алып, түбегейлі өзгеріс енгізуге ниетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz