RU
Толық нұсқаға өту

G7 ҚХР металдарынан тәуелділікті азайтады

13.01.2026, 20:49 264

G7 елдері Қытайдан жеткізілетін сирек металдарға тәуелділікті азайтуға келісті. Бұл туралы Вашингтондағы «Үлкен жетілік» өкілдерінің кездесуінен кейін Жапония қаржы министрі хабарлады. 

Мәлімдемеде ұйымға мүше мемлекеттер, балама жеткізу көздерін дамытуға ниетті екені айтылған. Дегенмен Қытаймен сауда қатынастарын толық үзу жоспарда жоқ. Бұл шешім Бейжің Жапонияға қос мақсатты тауарларды экспорттауға шектеу енгізген соң қабылданып отыр. G7 елдері Қытай Халық Республикасы тарапынан жасалған мұндай қадамдар, оның сирек минералдарды өңдеу саласындағы жетекші рөлімен байланысты деп санайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz