Иранда наразылық шаралары кезінде қаза тапқандар саны 1850-ден асты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігіне АҚШ-тан басқарылатын адам құқықтары жөніндегі топ мүшелері мәлімдеген. Сонымен қатар 16 мың 700-ден астам адам қамауға алынды. Ереуілшілер «Бұл соңғы шайқас. Пахлави оралуы керек», - деп ұрандатып әлек. Олар Иранның соңғы шахы Реза Пахлавидің 40 жылдан бері шетелде бас сауғалап жүрген ұлының билікке келгенін қалайды. Иран билігі әзірге қаза тапқандар туралы ресми ақпар таратқан жоқ.
Скайлар Томпсон, Ирандағы Адам құқықтары тобы басшысының орынбасары:
- Құрбандар санының 1850-ден асқанын анықтадық. Тағы 779 кісі өлімі тексеріліп жатыр. Иран бойынша үлкен желі құрып, қызу жұмыс істеп жатырмыз. Бұл іске ақпарат жинау және оны растау кіреді. Бірақ жұмыс істеу өте қиын. Интернет пен ұялы байланыс жаппай өшірілді. Жасанды интеллект арқылы таралған бейнежазбаларды айыра білу де үлкен қиындық туғызып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #наразылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz