Венесуэлада төрт жүзден астам тұтқын түрмеден босатылды.
Бұл туралы елдің Ұлттық Ассамблея төрағасы, парламенттік сессия барысында мәлімдеді. Бұған дейін Венесуэла үкіметі бірқатар оппозиция қайраткерлерінің бостандыққа шыққанын хабарлаған еді. Олардың нақты есімдері жария етілмеді. Алайда жергілікті үкіметтік емес, құқық қорғау ұйымдары билік басындағылар келтірген деректермен келіспейді. Олардың сөзінше, 8 қаңтардан бастап елде небәрі 70-ке жуық тұтқын босатылған. ((Foro Pe-nal)) ФОРО ПЕНАЛ ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, Венесуэлада 800-ге жуық саяси тұтқын қамауда отыр. Біразы 2024 жылы Мадуроны қайта сайлауға қарсы шеруге қатысқаны үшін ұсталған.
Тегтер #Венесуэла #саяси тұтқын #24KZ #Николас МадуроPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz