АҚШ, Дания және Гренландия өкілдері Вашингтонда өткен келіссөзде келісімге келе алмады. Солтүстік мұзды мұхиттағы арал бойынша кездесу нәтиже бермеді.
Ақ үй тарапынан вице-президент Джэй Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио Дания сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді және Гренландия сыртқы істер министрі Вивиан Моцфельдті қабылдаған еді.
Данияның сыртқы істер министрі келіссөздер ашық әрі конструктивті болғанын, алайда Дональд Трамп райынан қайтар емес екенін айтады. Ол сондай-ақ Дания мен Гренландия арал аумағында АҚШ-тың қосымша әскери базаларын ашуға қарсы еместігін жеткізді. Енді алып аралдың тағдырын шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. Алдағы апталарда тараптар қайта бас қосып, бір мәмілеге келуге тағы да тырысып көрмек.
Тегтер #АҚШ #Дания #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz