Қарға мәңгілік көмілген деп есептеліп келген әлемдегі ең биік тау Гималайда ақ ұлпа азайып жатыр.
Үндістанның Ауа райы департаментінің мәліметі бойынша, ғаламдық жылыну белгілері елдің солтүстік-батыс аймақтарында аңғарыла бастаған. Ерекше табиғат құбылысы Уттаракханд, Химачал-Прадеш штаттары, сондай-ақ Джамму, Кашмир және Ладах әкімшілік аумақтарында анық байқалады.
Аталған өңірлерде қар жауу деңгейі кейінгі 40 жылда әдеттегі мөлшерден 25 пайызға қысқарған. Қаңтар мен наурыз аралығында қар мен жауын-шашынның түсу көрсеткіші 86 пайызға азаяды деген болжам бар. Ғылыми зерттеулер Гималай аймағындағы жылыну деңгейі әлемдік орташа көрсеткіштен анағұрлым қарқынды жүріп жатқанын көрсетеді.
Тегтер #Гималай #қар #ҮндістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz