Пәкістан Ирандағы жағдайға қатысты шекарадағы қауіпсіздігін күшейте бастады. Парсы елімен жақын ауданға 30 мың сарбаз жіберді.
Әскери көліктердің легі көрсетілген бейнежазба «Әзірбайжан Қарулы күштері» атты телеграм-арнада жарияланды. Ақпарат құралының хабарлауынша, Пәкістан әскерінің қолбасшысы Асим Мунир жақында америкалық әскери лауазымды тұлғалармен телефон арқылы сөйлескен. Осының алдында Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын Иранға барудан бас тартуға шақырған болатын.
Тегтер #Пәкістан #Иран #шекара #әскерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz