Иран Ислам төңкерісі ұлттық ұланы әскери әзірліктің жоғары деңгейін жариялады.
Бұл туралы елдің бас қолбасшысы Мохаммад Пакпур мәлімдеді. Ол АҚШ пен Израиль тарапынан жасалатын кез келген шабуылға қарсы аяусыз соққы берілетінін ескертті. Ал Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Иран күштері АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери нысандарын жіті бақылап отырғанын хабарлады. Ахуалға байланысты Испания, Польша және Италия Сыртқы істер министрліктері азаматтарын Ираннан дереу кетуге шақырды. Бұған дейін АҚШ елшілігі де өз азаматтарына осындай үндеу жасаған болатын.
Тегтер #Хабар #жаңалықтар #Иран #әскерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz