Таиландта кранның пойызға құлауынан көз жұмғандар саны 32 адамға жетті. 66 кісі жарақат алды.
Бірнеше вагон мыжылып, біреуі отқа оранды. Іште 195 жолаушы болған. Теміржол операторы құрылыс компаниясын сотқа берді. Мердігер көңіл айтып, қара жамылған отбасыларға өтемақы төлеуге уәде берді. Кеше бір кран автокөлік жолына құлап, 2 адам опат болған еді. Билік 2 жағдайда да бір компания жұмыс істеген дейді. Тергеу әлі жүріп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таиланд #пойыз #кранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz