RU
Толық нұсқаға өту

Аустралияда дауыл су тасқынына ұласты

15.01.2026, 21:15 265

Аустралияның Виктория штатында алапат дауыл соғып, жаңбыр соңы су тасқынына ұласты.

Кейінгі 7 сағатта жауын-шашын айлық нормасынан көп түскен. Көшелерде лай көшкіні жүріп, көп көлікті ағызып әкетті. Электр желілері істен шыққан аудандарда мыңдаған тұрғын жарықсыз отыр. Өңірде 240 шақырымға созылған әйгілі Ұлы мұхит жолы жабылды. 500-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz