Бейбітшілік саласы бойынша былтыр Нобель сыйлығын алған Мария Корина Мачадо өзінің марапатын Дональд Трампқа табыстады.
Бұл туралы венесуэлалық оппозициялық көшбасшы АҚШ-қа барған сапары кезінде мәлімдеді. Саясаткер бұл қадам алдағы уақытта Венесуэламен арадағы жанжалды реттеуге септігін тигізеді деп сенеді. АҚШ-тың Николас Мадуроға қарсы әскери операциясынан кейін Венесуэла президенті елден шығарылған болатын. Мачадо бастаған оппозиция өкілдері Мадуро тұтқындалған жағдайда билікті өз қолына алуға дайын екенін мәлімдеді. Ал Дональд Трамп Мачадоның мемлекетті басқару мүмкіндігіне күмән келтіріп, оның "елде беделі жоқ" екенін айтқан. Енді Ақ үй басшысы бұл сыйлықты ресми түрде қабылдады ма, жоқ па. Ол жағы әзірге беймәлім. Белгілісі, Мачадоның бұл әрекетін Нобель комитеті қатаң сынға алды. Өйткені марапатты басқа адамға сыйлауға, қайтарып алуға және бөлісуге болмайды.
Тегтер #Венесуэла #оппозиция #Нобель сыйлығы #Трамп #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz